Израильде сот реформасына қарсы шерулер тыйылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде сот реформасына қарсы шерулер тыйылмай тұр

30.03.2023

Израильде сот реформасына қарсы шерулер тыйылмай тұр. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху сот билігі тармақтарына өзгеріс енгізу жоспарын кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Бұған қарамастан демонстранттар Тель-Авив көшелерінен тарқаған жоқ. Бұл жолы олар Ұлттық қауіпсіздік министрлігі жанынан Ұлттық гвардия құру жоспарына наразылық білдірді. Айта кетсек Израильдегі шерулер бірнеше аптадан бері жалғасып жатыр. Оппозиция Премьер-министр ұсынған сот реформасы сот жүйесінің тәуелсіздігін шектеуге бағытталған деп есептейді. Ал Нетаньяху болса, мұны жоққа шығарып отыр. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу