Жаңа Зеландияда 51 адамды оққа ұшырған Брентон Таррант кінәсін мойындамай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Зеландияда 51 адамды оққа ұшырған Брентон Таррант кінәсін мойындамай отыр

14.06.2019

Жаңа Зеландияда наурызда екі мешітке оқ жаудырып, 51 адамды мерт қылған Брентон Таррант кінәсін мойындамай отыр. 29 жастағы айыпталушының соты келесі жылы мамырда басталады. Оған тағылған айыптардың бірі терроризм туралы.

Жартылай автоматтық қару ұстаған Таррант жұма намызына жиналған мұсылмандарды наурыздың 15-де қырғынға ұшыратты. Сол трагедиядан кейін Премьер-Министр Жасинда Ардерннің ұсынысы бойынша, елде қару туралы заң мейлінше қатаңдатылды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу