«Вайю» циклоны елдің батыс жағалауына сағатына 150 шақырым жылдамдықпен жылжып барады. Сондықтан, Гуджарат штатында дабыл қағылып, тұрғындарға қауіпсіз жерге көшу ескертілді. Жергілікті синоптиктердің хабарлауынша, циклон Араб теңізінде басталған. Ол өзімен бірге күшті жел мен нөсер жауын әкеліп, аталған аймаққа бейсенбі күні жойқын соққы беруі мүмкін.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ