Боливияда жүздеген адам Эво Моралестің төртінші рет Президент болу жоспарына наразылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боливияда жүздеген адам Эво Моралестің төртінші рет Президент болу жоспарына наразылық білдірді

11.06.2019

Бұған дейін мемлекет басшысы осы мәселе референдумға салынғанда, жеңіліске ұшыраған еді. 2016 жылы халықтың 51 %-ы Моралестің билік мерзімін шектемеу идеясын қолдамаған.

Қарсылық акциясы сайлау комиссиясының жанында ұйымдастырылды. Шерушілерді полицейлер күшпен таратуға кірісті. Алайда, «Боливия жоқ де!» деген ұран ұстаған тұрғындар тәртіп сақшыларына наразылық көрсетіп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

 

Хабарламаларға жазылу