Албанияда сайлау өтпейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Албанияда сайлау өтпейтін болды

10.06.2019

Албания Президенті Илир Мета маусымның 30-на жоспарланған муниципалдық сайлаудың өтпейтінін жариялады. Мұндай шешімге ол елдегі толқулар себепші дейді.

Албанияда шерулер екі айға ұласты. Демонстранттар Премьер-Министрдің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Оппозициялық партияның айтуынша, үкімет басшысы 2017 жылғы сайлауда дауыстарды сатып алған, Сондықтан ол қызметтен кеткенше, манифестациялар жалғаса бермек. 

Соңғы наразылық акциясында демонстранттар түтіндеткіш заттар қолданып, петардалар жарған. Ал полицейлер оларды тарату үшін су атқыштар мен көз жасаурататын газ қолданды.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу