40-тан астам мәйіт Ніл өзенінен табылған. Соған қарамастан демонстрациялар жалғасып жатыр.
Оппозиция сәуірде Омар әл-Башир режимі құлағаннан кейін билікке келген генералдарды бейбіт манифестанттарды қырғынға ұшыратты деп айыптап отыр. Алайда, армия өкілдері қантөгісті тәртіпке көнбейтін элементтер ұйымдастырды деп мәлімдеді.
Суданда әл-Башир үкіметіне қарсы наразылық акциялары желтоқсанда басталды. Қазір оппозиция оның орнына келген әскерилерді басшылықтан кетіруге күш салып жатыр.
Арыстан Рысбек