Суданда дипломаттар эвакуацияланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суданда дипломаттар эвакуацияланып жатыр

24.04.2023

Қарулы қақтығыс жүріп жатқан Суданнан дипломаттар мен олардың отбасылары эвакуацияланып жатыр. Испания, Франция, Италия, АҚШ азаматтары жексенбіде шығарыла бастады. Оларды көшіруге тікұшақтар, арнайы қызмет мамандары жұмылдырылған. Соңғы мәліметке қарағанда, Суданда интернет байланысы үзілген. Әуежай да жабық. Бұл эвакуациялауды қиындатуы мүмкін. Елде кескілескен шайқас сәуірдің 15-нен бері жалғасып жатыр. Ораза айт кезінде атысты тоқтату туралы бітім жасалғанымен, ол сақталған жоқ. Қақтығыс екі қарулы топтың лидерлері - генерал Әбдел Фаттах әл-Бурхан мен Мұхамед Хамдан Дагало арасында басталған. Келіспеушілік соңы қарулы қақтығысқа ұласты. Қаза тапқандардың саны 400-ден асқан.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу