Судандағы шеруді тарату кезінде 35 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Судандағы шеруді тарату кезінде 35 адам қайтыс болды

04.06.2019

Суданның әскери билігі ел астанасында оппозиция шеруін тарату кезінде 35 адам мерт болды. Куәгерлердің айтуынша, жауынгерлер демонстранттардың лагерлерін бұзып, өздеріне оқ атқан. Екі жақ арасындағы жанжал кезінде жүздеген адам тұтқындалды.

Суданды 30 жыл басқарған Омар әл-Башир үкіметі сәуірде құлады. Алайда, елде манифестациялар әрі қарай жалғасып, шерушілер генералдардан биліктен кетуді талап етіп жатыр. Ал тараптар жүргізген келіссөздер ешқандай нәтиже бермей отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу