Оларды қолға түсіру үшін елдің төрт провинциясында арнайы операция жүргізілген. Мұның алдында осы іс бір жылдай тергелді.
Полицияның айтуынша, бұл – мигранттар тасымалы бойынша Еуропадағы ең ірі қылмыстық топ. Олар Ауғанстан, Ирак, Сирия босқындарын Түркия шекарасы арқылы Еуропаға жеткізіп отырған. Сол әрекеттерін жүзеге асыру үшін бұл ұйым Италия, Грекия, Украина контрабандашылармен бірлесе жұмыс атқарыпты. Ал, осы топты басқарған Солтүстік Ирак тумалары жылына 2 миллион еуро табыс тауып келген. Операция барысында тағы 569 заңсыз мигрант қамауға алынды. Сонымен қатар, олардан 6 көлік, 6 қайық, есірткі, компьютерлер мен құнды заттар тәркіленген.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ