Польшаның Брест-Куявский қаласындағы мектепте атыс болып, екі адам жараланды. Полицияның хабарлауынша, бетперде таққан ер адам ғимаратқа басып кіріп, екі петарданы жарып жіберген. Содан кейін қарудан оқ жаудырған. Салдарынан 11 жастағы қыз бен мектеп қызметшісі зардап шекті.
Дәрігерлердің айтуынша, қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал, оқиға бойынша 18 жастағы күдікті сол мектептің бұрынғы оқушысы екені анықталды. Қала билігі бұған дейін оның психиатриялық ауруханада ем қабылдағанын айтып, бұл әрекетті лаңкестік деп бағалап отыр. Қазір білім ордасының түлегі қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ