Бішкекте ШЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бішкекте ШЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді

20.05.2019

Осы аптада Бішкек қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді. Аталмыш жиын қарсаңында Мәскеу қаласында бір топ сарапшылар отырыс өткізіп, ұйымның келешектегі дамуы жайлы ойларын ортаға салды. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта Шанхай ынтымақтастығы аясында бірлескен экономикалық жобаларды көбірек іске асыру керек.

Мәселен, қазір тараптар осы құрылымның Даму банкі мен арнайы есепшотын ашу туралы мәселені жан-жақты талқылап жатыр. Дегенмен, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберінде, қауіпсіздік мәселелерін де назардан тыс қалдыру мүмкін емес. Себебі терроризм және есірткі саудасымен күрес, барлық мемлекеттер үшін ерекше маңызға ие.

Игорь Аржаев, РФ СІМ Азия және Тынық мұхит ынтымақтастығы департаменті директорының орынбасары:

- Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің саяси ұстанымдары әртүрлі болғанымен, белгілі бір жобағаларға немесе проблемаларға қатысты көзқарастары ұқсас. Сондықтан осы ұйым аясындағы ынтымақтастықты кеңейту керек.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу