АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың Huawei телекоммуникациялық компаниясын қара тізімге енгізді. Құрама Штаттардың компьютерлік желілерін шетелдік дұшпандардан қорғау мақсатында елде төтенше жағдай жариялаған. Сонымен қатар, Трамп Американың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін телекоммуникациялық жабдықтарды қолдануға да тыйым салып отыр. Кейбір бақылаушылардың ойынша, Ақ үй басшысының бұл бұйрығы Huawei бизнес жасауға тосқауыл қояды.
Айта кетсек, бүгінде АҚШ-пен бірге әлемнің бірнеше елі Huawei-дің өнімдерін Қытай үкіметі барлаушылық қызметке пайдаланады деп алаңдап отыр. Сондықтан Вашингтон кейбір мемлекеттерді 5G желісіне көшерде қытайлық компанияның жабдығынан бас тартуға шақырды. Бұл қауіпті жоққа шығарған Huawei Трамптың шектеулері америкалық тұтынушылар мен компанияларға зиянын тигізеді деп мәлімдеді.
Арыстан РЫСБЕК