Сирияның үкімет күштері Хама провинциясына әуеден соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияның үкімет күштері Хама провинциясына әуеден соққы берді

06.05.2019

Көтерілісшілердің айтуынша, осылайша Ресей мен Асад армиясы оппозиция содырларын соңғы анклавқа апаратын жолды басып алуға күш салып жатыр.

Айта кетсек, Сирия армиясы Хаманың солтүстігі мен Идлиб провинциясының оңтүстігіне алғаш рет шабуыл жасап отыр. Соның салдарынан ондаған бейбіт тұрғын мерт болған.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, Сирия әскері соңғы 15 айда бұл операцияларда ең ауыр бомбаларды қолданып келеді. Осыған байланысты соғыс жүріп жатқан аудандардан 323 мың адам елдің солтүстік-батысына көшірілген.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу