Судан астанасы Хартумда 100 мыңға жуық адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Судан астанасы Хартумда 100 мыңға жуық адам шеруге шықты

03.05.2019

Судан астанасы Хартумда жүз мыңдай адам шеруге шығып, Әскери кеңестің биліктен кеткенін талап етіп жатыр. Олар елді азамттық әкімшілік басқарғанын қалайды.

Жиналған халық белсенділер альянсы мен оппозициялық топтарды наразылық акциясына қосылуға шақырды. Бұған дейін шерушілер мен Әскери кеңес жаңа азаматтық-әскери орган құру туралы келіссөздер жүргізген. Дегенмен, оны кім басқаратынын шеше алмай, кездесу тығырыққа тірелді.

Айта кетсек, елді 30 жыл басқарған Омар әл-Башир президенттіктен аластатылған соң, басшылыққа Әскери кеңес келген еді. Дегенмен, халық оған да келіспей, өтпелі билік азаматтық әкімшілікке берілмесе, наразылық акциясын тоқтатпайтынын ескертіп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу