БҰҰ: Суданнан 200 мың адам кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ: Суданнан 200 мың адам кеткен

12.05.2023

Суданда қарулы қақтығыс басталғалы 200 мыңдай адам көршілес елдерге бас сауғалаған. Олардың ондаған мыңы Чадтан пана тапты. Бұл БҰҰ-ның дерегі. Судан астанасы Хартумда әуе және артиллериялық шабуылдар қайта күшейді. Себебі соғысушы тараптар келісімге келе алмады. Бұл Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтіп жатқан келіссөздердің нәтижесі. Бірақ олар бейбіт халықты қорғауға және гуманитарлық көмектің өтуіне кедергі жасамауға уағдаласты. Суданда үкімет армиясы мен жедел қолдау күштері арасындағы, билік үшін шайқас сәуірдің 15-де басталды. Содан бері жүздеген адам қаза тапқан.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу