Үндістанның шығыс жағалауына «Фани» циклоны соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның шығыс жағалауына «Фани» циклоны соққы берді

03.05.2019

Жауындатып жеткен алапат дауылдан қанша адамның құрбан болғаны белгісіз. Бірақ жергілікті үкімет миллионнан астам тұрғынды 24 сағаттың ішінде қауіпсіз жерге көшіріп үлгерді.

Үндістан метеорологиялық департаментінің хабарлауынша, «Фани» Одиша штатына жергілікті уақытпен таңғы сағат 8-де жеткен. Әзірге ағаштар құлап, электр сымдары үзілді деген ақпарат бар. Циклон қаупіне байланысты мектептер мен колледждер және бір әуежай жабылды. Сонымен қатар, штатқа жүздеген дәрігер мен медициналық қызметкер жіберілген. Айта кетсек, 1999 жылы бұл штатта аса қуатты циклоннан 10 мың адам мерт болған еді

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу