Павлодар мұнай-химия зауыты жоғары октанды бензин өндіруді 50 пайызға арттырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар мұнай-химия зауыты жоғары октанды бензин өндіруді 50 пайызға арттырды

20.11.2014
Павлодар мұнай-химия зауыты жоғары октанды бензин өндіруді 50 пайызға арттырды

Мұнай бағасының арзандап, бізде ғана емес, көрші мемлекеттерде де бензин тапшылығы сезіле бастаған өтпелі кезенде Павлодар мұнай-химия зауыты өндіріске қарқын қосты.

Мұны Достық үйінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол»  Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды талқылау барысында кәсіпорынның бас директоры Шухрат Данбай жария етті.

Шухрат Данбай, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нің бас директоры:

Жақында КТ-1 кешені мерзімінен бұрын жөнделіп, іске қосылды. Мамандар үш ауысыммен жұмыс істеді. Соның арқасында еліміздің аймақтарына бұрынғыға қарағанда күніне 3 мың тонна бензинді артығымен жіберудеміз.

Яғни, өнімділік 50 пайызға артты. Қазір зауыттағы шикізатты қайта өндейтін кешен толық қуатында жұмыс істеп тұр. Соның арқасында аймақта жанар-жағармай жеткілікті. Станцияларда ұзын-сонар кезекке тұру тиылды.

Алтынбек Маратхан, Павлодар қаласының тұрғыны:

Өзімізде мұнай зауыты болғандықтан сапалы өнім болса екен,-деп тілейміз. Міне, көлігіміз жүйткіп тұр. Себебі, бензиннің сапасы жақсы. Енді жыл сайынғы Жолдауында Елбасымыз зауыт, фабрикаларды дамытуды басты орынға қойып жатыр. Кәсіпкерлердің қарапайым жұртшылыққа осылай адал қызмет көрсеткендігі, сапалы өнім шығарып жатқандары соған іс жүзінде қайтарылған жауаптары, алғыстары, - деп ойлаймын.    

Бұл игіліктің бастамасы ғана. Мұнай-химия зауытын жаңырту жұмыстары биыл бастады.

Болат Аманбаев, тілші:

Келер жылдың алғашқы тоқсанында кәсіпорында Еуро-4 стандартына сай жоғары классты бензин шығаратын кешен салынады. Өндірісті іске қосуға қажетті жабдықтардың 90 пайызы сатып алынған. Бұл мұнай-химия зауытындағы модернизациялау жұмыстарының нәтижесі.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу