Перудің шығысындағы Пукальпа қаласын су тасқыны жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перудің шығысындағы Пукальпа қаласын су тасқыны жайлады

26.04.2019

Толассыз жауған жауыннан қала маңындағы өзен арнасынан тасып кеткен. Салдарынан үйлерді су басып, 300-дей отбасы зардап шекті. Кей жерлерде судың ағыны күшті болғаны соншалық - көшедегі көліктерді ағызып кетті. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандар жоқ. Дегенмен, 49 жастағы бір ер адам әлі табылмай отыр. Қазір құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Қала басшылығы төтенше жағдай жариялап, көршілес қалада да тасқын жайлау қаупі төніп тұрғанын хабарлады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу