Мьянмада төтенше жағдай. Елдің солтүстігіндегі Качин штатында нефрит шахтасы құлады. Апат кезінде жер астында 54 кенші болған. Олардың үшеуінің денесі шығарылды. «Рейтердің» хабарлауынша, қалған жұмысшылардың барлығы қаза тапқан.
Қазір шахтада құтқару операциялары жүріп жатыр. Әзірге кен орнының опырылып түсуіне не себеп болғаны белгісіз. Дегенмен, кейбір мәліметтерге сай, бұл жердегі кеніштерде лай көшкіні және өзге де апаттар жиі болып тұрады екен.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ