Ким Чен Ын көрші елге өзінің жасыл түсті әскери пойызымен аттанған. Ал, ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресей өкілдері Кимді шекарадағы вокзалда гүл шоқтарымен, нанмен, тұзбен қарсы алған.
Кремльдің кеңесшісі Юрий Ушаковтың мәлімдеуінше, Путин-Ким саммиті ертең өтіп, онда Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы талқыланады. Айта кетсек, ақпанда Вьетнамда Ким-Трамп кездесуі нәтижесіз аяқталып, Пхеньянға қарсы санкцияларды жеңілдетудің сәті түспеген еді.
Арыстан РЫСБЕК