Олардың қатарында Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, Түркия, Италия, Грекия бар. Мұны Американың The Washington Post газеті хабарлады. Оның мәліметінше, осы тыйымды орындамаған мемлекеттер санкцияға алынады.
Былтыр Құрама Штаттар Тегеранмен жасалған ядролық келісімнен шығып, оның мұнай экспортына эмбарго жариялады. Ақ үй әкімшілігінің мәлімдеуінше, бұл шара Ислам Республикасы атомдық бағдарламаны тоқтатпай, Таяу Шығыста қарулы топтарды қаржыландырғаны үшін қолданылып отыр. Алайда, Иран бұл айыптарды үнемі жоққа шығарып келеді.
Арыстан РЫСБЕК