SpaceX компаниясы алғаш рет әлемдегі ең қуатты коммерциялық зымыранды ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

SpaceX компаниясы алғаш рет әлемдегі ең қуатты коммерциялық зымыранды ұшырды

12.04.2019

Falcon Heavy атты ракета галактикаға телекоммуникациялық қызмет көрсететін жерсерікті жеткізді. Ол Таяу Шығыс, Африка, Еуропа елдерін телевизия, радио, интернет және ұялы байланыспен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, бірінші рет ракетаның барлық сатысы шамамен 10 минуттан кейін жерге оралып, сәтті қонған. Осылайша Илон Масктің компаниясы тарихи нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

Ал, әлемдегі ең кішкентай израильдік ғарыш кемесі алғашқы сапарында Айға құлады. «Берешит» деген аппараттың қозғалтқышындағы бірнеше техникалық ақауға байланысты жолы болмаған. Ол ақпанның 22-сінде ұшырылып, Айға ұлттық әндер жазылған дискілер, балалар салған суреттер және Израиль фотолары жүктелген «Болашақ ұрпақ капсуласын» жеткізуі тиіс еді. Дегенмен, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Айға тағы да ғарыш кемесі жіберілетенін атап өтті.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу