Женевада әлемдегі ең қуатты автомобиль көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Женевада әлемдегі ең қуатты автомобиль көрсетілді

06.03.2019

Женевада әлемдегі ең қуатты автомобиль көрсетілді. Battista деп аталатын электромобильді «Пининфарина автокөліктері» компаниясы жасап шығарған. Ол 2 секундта 80 шақырым жылдамдыққа дейін от алады. Жұрт назарын өзіне аударған суперкардың құны - 2 миллион фунт. Ал қозғалтқышының қуаты 1900 аттың күшіне тең. Бұл «Формула-1» болидтерінен шамамен екі есеге артық. Мамандар «Баттиста» қымбат көліктер нарығында бірінші орында болады деп жоспарлап отыр. Сондай-ақ,  бұл машинаны жасау барысында оның әдемілігіне де жіті көңіл бөлінген.

Жансая АЛЬЧЕМБАЕВА

Хабарламаларға жазылу