Бельгия астанасы Брюссельде Африка фермерлері шеруге шықты. Олар Еуропа одағынан Африка мен Еуропа арасындағы сүт саудасын реттеуді талап етіп отыр. Фермерлер одақ жалауының түсіне боялған сиыр мүсіндерін ұстап, «Еуропаның проблемасы Африкаға экспортталмасын» деп ұрандатты.
2016 жылдан бері Еуропа одағы Батыс Африкаға құрғақ әрі майсыз сүт экспортын 24 пайызға арттырған. Осының нәтижесінде, «Қара құрлықта» бұндай өнім көбейіп, жұмыссыздық деңгейі өсіп, фермерлер көшуге мәжбүр болады деген алаңдаушылық туындап отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ