Украина: Үміткерлер есірткі сынағынан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина: Үміткерлер есірткі сынағынан өтті

05.04.2019

Украина президенттігіне үміткер, комедиялық актер Владимир Зеленский мен қазіргі мемлекет басшысы Петр Порошенко есірткі және алкоголь сынағынан өтті. Бұл шара екі кандидаттың дебаты қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Зеленский сол пікірталасты стадионда ұйымдастыруды ұсынды.  Қарсыласы бұл ұсынысты қабыл алған.

Порошенконың ойынша, Зеленский жеңілтек мінезімен Украинаның қауіпсіздігін қатерге душар етуі мүмкін. Бұл мемлекетте сайлаудың екінші туры сәуірдің 21-де өтеді. Оның бірінші айналымында саяси тәжірибесі жоқ Зеленский Порошенкодан айтарлықтай басым түскені белгілі

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу