Бұл – осы оқиға бойынша Чикаго сотына түскен алғашқы талап арыз. Корпорацияға ұшақты басқарудың автоматты жүйесіндегі ақаулар үшін айып тағылып отыр. Ал, АҚШ-тың азаматтық авиация басқармасы «Boeing» үшін жаңа лайнерлерді тексеру құны шамамен 2 миллиард долларға жететінін айтты.
Сонымен қатар, бұл жұмыс тағы 10 мың жұмысшыны қажет етеді. Естеріңізге сала кетсек, осы айда Эфиопияда Boeing 737 Max 8 ұшағы құлап, 157 адам қаза тапқан еді. Бұған дейін дәл осындай лайнер Ява теңізіне құлап, 189 адам мерт болған. Екі апат кезінде де ұшақты басқару жүйесінде ақау болғаны анықталып отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ