Ұшақ апатынан қаза тапқан Айжан Исенғалиева Өскемендегі «Қазцинк» зауытында қызмет атқарған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақ апатынан қаза тапқан Айжан Исенғалиева Өскемендегі «Қазцинк» зауытында қызмет атқарған

25.03.2015
Ұшақ апатынан қаза тапқан Айжан Исенғалиева Өскемендегі «Қазцинк» зауытында қызмет атқарған

Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың мәйітін елге жеткізу жұмыстары тікелей мемлекет бақылауында.

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері хабарлады.

Олардың айтуынша, әуе көлігінде тағы да отандасымыз болуы мүмкін. Бұл ақпарат қазіргі уақытта нақтылануда. 

Қаза тапқандардың бірі Айжан Исенғалиева - Өскемендегі «Қазцинк» зауытының қызметкері. Жолдасы Ербол Иманғалиев та кезінде осы зауытта жұмыс істеген.

«Қазцинк» компаниясының басшылығы мен қызметкерлері қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу