Мәскеуде екі мыңға жуық оппозиция өкілдері шеруге шықты. Митингті ұйымдастырушы - солшыл патриоттық күштердің өкілдері. Дегенмен, мұнда солшыл да, оңшыл да партия адамдары жиналған. Олар үкіметтің кетуін талап етіп, әлеуметтік және саяси жағдайды өзгертуге шақырды. Сондай-ақ, зейнеткерлік реформасына да қарсылық білдіріп, зейнеткерлік жасының ұзартылуына наразы екендерін айтты.
Шеру президент сайлауынан бері бір жыл өтуіне және Қырымның Ресейге қосылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Шерушілер бір жыл ішінде ешқандай жағымды өзгерістер болмаған соң, осындай қадамға барғандарын айтып отыр.
Суворов алаңына жиналған халық «Ресей әділеттілік, жаңа бағыт үшін!» деп ұрандатты. Митинг қақтығыстарсыз, бейбіт өтті.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ