11 мың адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11 мың адам эвакуацияланды

14.03.2019

Мексика астанасындағы испаниялық банк кеңселерінен 11 мың адам эвакуацияланды. Өйткені, белгісіз біреулер  ғимараттардың бірінде бомба бар деп хабарлаған. Ескертулер электронды хат пен телефон арқылы түсіпті. Осыдан кейін оқиға орнына жарылғыш заттар жөніндегі мамандар тобы жіберілді.

Алайда, екі сағаттық тексерістен кейін олар ештеңе таппаған. Сондықтан, полицияның айтуынша, дабыл жалған болуы мүмкін. Сондай-ақ, банк өкілдері де төнген қауіпті шынайы деп санамайды. Дегенмен, қаржы ұйымы қызметкерлерін қауіпсіз жерге көшіріп, жұмысын тоқтатты. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу