Сонымен қатар, бір үнді пилоты тұтқынға алынған. Ұшақтардың бірі Кашмирдің үндістандық, екіншісі пәкістандық бөлігіне құлаған. Мұны «France-Presse» агенттігі хабарлап отыр.
Осы айдың ортасына таман үндістандық Кашмирде жанкешті жарған бомбадан 40-тан астам жауынгер мерт болды. Содан кейін Дели бұл шабуыл үшін Пәкістанды айыптап, «Джаиш әл-Мұхаммед» тобының лагерін бомбалап, ондаған адамды мерт қылғанын хабарлады. Бірақ мұның бәрін жоққа шығарған Пәкістан Үндістан оқ атса, одан кек алатынын ескерткен еді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.