Калифорния штатының оңтүстік-батысында 70 жылдан кейін алғаш рет қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорния штатының оңтүстік-батысында 70 жылдан кейін алғаш рет қар жауды

22.02.2019

Пасадена және Лос-Анджелес тұрғындары әлеуметтік желілерде ерекше оқиға туралы суреттерімен бөлісіп жатыр. Жылыға үйреніп қалған адамдар таңданыстарын жасырмады. Дегенмен, қар аралас жаңбыр көлік қозғалысын қиындатып отыр. Синоптиктердің болжамынша, мұнда алдағы уақытта күн әлі де суытпақ. Айта кетсек, бұл өңірде соңғы рет қар 1949 жылы жауған екен.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу