Кашмирде атыс болып, 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кашмирде атыс болып, 5 адам қаза тапты

18.02.2019

Құрбандардың төртеуі – үнді жауынгерлері, біреуі – бейбіт тұрғын. Бұл оқиға осы провинцияда үндістандық 44 полицейді өлтірген қарулы топты іздеу операциясы кезінде болған.

Ресми Дели сол шабуыл үшін Пәкістанды айыптап отыр. Алайда, Исламабад оған өзінің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Айта кететін бір жайт, негізінен мұсылмандар шоғырланған Кашмир аймағы үшін Үндістан мен Пәкістан ондаған жылдар бойы жауласып келеді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу