Мәскеу биржасында рубль әлсіреп, индекстер төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу биржасында рубль әлсіреп, индекстер төмендеді

14.02.2019

Бұған АҚШ сенаторларының Ресейге қарсы санкцияларды кеңейту туралы заң жобасын ұсынуы себепші. Вашингтон жаңа экономикалық шектеулердің күшімен Кремльді шетелдегі демократиялық процестерге кедергі келтіргені үшін жазалайтынын мәлімдеп отыр.

Алайда, мұның бәрін жоққа шығарған Мәскеу Ресей экономикасының АҚШ-тың кез келген санкцияларына төтеп бере алатынын ескертті. Сонымен қатар, Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, Батыстың шектеулеріне қарамастан, Ресей макроэкономикалық тұрақтылық пен өсім байқатып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу