Австралияның өрт шарпыған аудандарының тұрғындары үйлеріне орала бастады. Дегенмен, баспаналардың көбі өртеніп, қирап қалған. От тұтанған кезде қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар уақытша паналарда бір аптадай уақыт бойы тұрған еді.
Соңғы мәліметке сай, өрттен 17 мың гектар алқап күлге айналған. Қазір де лапылдаған жалын басылған жоқ. Сол себепті кейбір өңірлерде төтенше жағдай әлі де өз күшінде.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.