Бразилияның Сан-Паулу қаласында технология жәрмеңкесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияның Сан-Паулу қаласында технология жәрмеңкесі өтіп жатыр

13.02.2019

Шара осымен 12-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Жиын кезінде түрлі елден жиналған техника мамандары өздерінің шағын компьютерлерін көрсетіп, интернет пен өзге де технологияның келешегін талқылайды.

Жәрмеңке «кампус кеші» ретінде өтеді. Бұдан өзге түрлі дәрістер, талқылаулар мен семинарлар ұйымдастырылады. Ал, жас стартап иелеріне өздерінің ойлап тапқан өнертабыстарына демеушілер табуға мүмкіндік бар. Бұл жәрмеңке алғаш рет 1997 жылы Испанияда басталып, кейін Мексика, Колумбия мен Бразилия елдеріне ұласты.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу