Бразилияда құмды дауыл тұрып, қалаларды тозаң басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда құмды дауыл тұрып, қалаларды тозаң басты

06.10.2021

Бразилияның Сан-Паулу штатында алапат құмды дауыл тұрып, бірнеше қаланы сары және қоңыр түсті тозаң басып жатыр. Өрт департаменті мамандарының хабарлауынша, 20 минутқа созылған шторм кезінде көптеген ағаш құлады. Дегенмен, құрбан болғандар туралы мәлімет түскен жоқ. Жергілікті метеорологтар дауылдың басталуына қуаңшылық себеп болуы мүмкін деген болжамын жариялады. Соның кесірінен топырақ мейлінше құрғап, жел тұрған сәтте көкке көтеріліп жатыр дейді мамандар.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу