Париж италиялық саясаткерлердің орынсыз айыптаулары мен жосықсыз мәлімдемелері үшін ашулы. Франция билігі өзінің Римдегі елшісін кеңесу үшін елге шақырды. Бұған Италия премьер-министрінің орынбасары Луиджи Ди Майоның Париж маңында «Сары кеудешілер» қозғалысының өкілдерімен кездесіп, оларға қолдау сөздер айтқаны түрткі болған. Франция үкіметі саясаткерді елдің ішкі істеріне араласпауға үндеді. Жалпы, Париж мен Рим қарым-қатынастарына 2018 жылдың жазында Италияда популистік «Бес жұлдыз қозғалысы» мен оңшыл «Лига» партиясы коалициялық үкімет құрғаннан кейін сызат түсті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.