Ресей АҚШ-тың ядролық қаруды шектеу туралы келісімнен шығуына байланысты 2021 жылға дейін жаңа ракета түрлерін жасамақ. Мұны осы елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу бүгін айтты. Оның сөзінше, ең алдымен құрлықтық қанатты және гипердыбыстық зымырандар дамытылады. Ал, ақпанның 2-де президент Владимир Путин Ресейдің аталған келісімді доғаратынын ескертіп, Вашингтонға жауап ретінде жаңа ракета жасау қажеттігін мәлімдеген болатын.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.