Мәскеуде ұрланған картина табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде ұрланған картина табылды

31.01.2019

Полиция Ресей астанасы Мәскеуде ұрланған картинаны тапты. Сурет қаңтардың 27-де Третьяков галереясынан жоғалған еді. Суретші Куинджи Архиповтың «Ай-Петри. Қырым» атты туындысын ұрлауға қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы Қырым тұрғыны Денис Чуприков ұсталды. Ол өзінің қарыздарынан құтылу үшін осындай қадамға барғанын мәлімдеген. Галереяға қайта әкелінген картина тасымалдау кезінде бүлінген. Орыс мұражайы оны қайта қалпына келтіруге кірісті.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу