АҚШ-та аязға байланысты мектептер жабылып, әуе рейстері кейінге шегерілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та аязға байланысты мектептер жабылып, әуе рейстері кейінге шегерілген

30.01.2019

АҚШ-та Солтүстік Дакотадан бастап Теннесиге дейін аяз күшейді. Ауа райының қолайсыздығына орай жүздеген мектеп жабылып, мыңдаған әуе рейсі кейінге шегерілген. Температураның төмендеуіне арктикалық салқын ауа себепші. Ол елдің орталық-батыс бөлігіне қатты әсер етті. Чикаго мен Иллинойс штаттарында сынап бағанасы -46 градусқа дейін төмендейді деп күтіліп отыр. Мұны АҚШ-тың ұлттық ауа райы орталығы хабарлады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу