«Каламсат» аталатын бұл спутниктің салмағы небәрі 1 келі 26 грамм. Ол елдің оңтүстігіндегі Шрихарикота айлағынан көкке самғаған. Мұны осыдан бірер сағат бұрын Үндістанның Ғарышты зерттеу ұйымы хабарлады. Бұл мекемеге жерсеріктің сәтті ұшырылуына байланысты премьер-министр Нарендра Моди құттықтау жолдады.
Тағы бір айта кететін жайт, Дели 2022 жылға дейін орбитаға өз күшімен бір аптаға үш адамдық экипаж аттандыруды жоспарлап отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.