Балтық теңізінің үстінде Швецияның барлаушы ұшағы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балтық теңізінің үстінде Швецияның барлаушы ұшағы ұсталды

24.01.2019

Ресейдің Су-27 жойғыш ұшағы Балтық теңізінің үстінде Швецияның Gulfstream деген барлаушы ұшағын ұстады. Оны ел шекарасынан аластатып, өз әуе кеңістігіне қайтару үшін ресейлік ұшақ Gulfstream-ге қауіпсіз қашықтыққа дейін жақындаған. Швециялық ұшақ шекарадан алшақтағаннан кейін Су-27 аэродромға оралды. Мұны Ресей қорғаныс министрлігі осыдан бірер сағат бұрын хабарлады.

Айта кетсек, Ресей әскерилері шетелдік әскери ұшақтарды аулап, өз жерінен шығару үшін осындай операцияларды ұдайы жүргізіп тұрады.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу