Ауғанстанда тәліптер әскери базаға шабуыл жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда тәліптер әскери базаға шабуыл жасады

22.01.2019

Ауғанстанда тәліптер әскери базаға шабуыл жасап, 126 қауіпсіздік қызметкерін мерт қылды. Мұны «Рейтер» агенттігі елдің қорғаныс министрлігінің лауазымды өкіліне сілтеме жасап хабарлап отыр. Қанды оқиға Майдан Вардак провинциясында болған. Көп кешікпей қастандықты «Талибан» қозғалысы өз мойнына алды. Дегенмен, өзге бір мәліметтерге қарағанда, бұл шабуылдан кемінде 20 адам қаза тапқан.

Содырлар жарылғыш затқа толы машинаны базаның тексеру бекетіне апарып соғып, содан кейін жарып жіберген.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу