«Талибан» қозғалысы әскери парад өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Талибан» қозғалысы әскери парад өткізді

09.11.2021
0:00:00
0:00:00

Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы әскери шеру өткізді. Ол елдің екінші ірі қаласы Қандағарда ұйымдастырылған. Шеруде АҚШ пен НАТО-дан және бұрынғы үкімет армиясынан қалған көлік құралдары мен тікұшақтар қолданылды. Әскери машиналар қаланың орталығын әуежаймен байланыстыратын негізгі трассамен өтіп бара жатқанда діни музыка ойнаған. Тәліптер бүгінде қарулы күштерді қайта құрып жатқанын мәлімдеді. Қандағардағы армия корпусы бұрын «Аттал» деп аталса, қазір арабша «әл-Бадар» деген атқа ие болған. Және де исламшыл қозғалыс Америка мен коалициядан олжалаған авиациялық техниканы жөндеуге маман тапқанын айтып отыр.


Хабарламаларға жазылу