Жапонияның оңтүстігінде жанартау оянды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның оңтүстігінде жанартау оянды

17.01.2019

Жапонияның оңтүстігінде жанартау оянып, аспанға от пен күл шаша бастады. Алайда, одан қауіп төнбегендіктен, эвакуация жарияланған жоқ. Ел үкіметінің хатшысы Йошихиде Суганың мәлімдеуінше, жанартаудан төгілген лава тұрғындар кварталына жетпеген.

Бұл вулкан 2015 жылы да атқылап, одан шыққан от мыңдаған метрге биіктікке көтеріліп, арал тұрғындары түгелдей көшірілді. Қазір оған жақын жерде 100 шақты адам ғана тұрып жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу