Ресейдің Ростов облысы Шахты қаласындағы көпқабатты үйде жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Ростов облысы Шахты қаласындағы көпқабатты үйде жарылыс болды

14.01.2019

Соңғы мәліметке қарағанда, бір адам қаза тауып, төртеуі үйінді астында қалып қойған. Алдын ала деректерге жүгінсек, пәтерлердің бірінде тұрмыстық газ жарылса керек. Құтқарушылар 140 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Өйткені, ғимарат құлайды деген қауіп бар.

Естеріңізге сала кетсек, желтоқсанның 31-де Магнитогорск қаласында тұрғын үйдегі жарылыстан 39 адам мерт болды.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу