Белградта шеру өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белградта шеру өтіп жатыр

14.01.2019

Сербия астанасы Белградта үкіметке қарсы шеру өтіп, оған мыңдаған адам қатысты. Манифестацияның басталғанына алтыншы аптаға ұласып отыр. Демонстранттар әділ сайлау өткізуді, баспасөзге еркіндік беруді, кейбір ақпарат құралдары басшыларының отставкаға кетуін талап етіп жатыр.

Бұл акция желтоқсанның 8-нен бері жалғасып келеді.

Сербия президенті Александр Вучич халықты тыңдауға дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол аталған проблемаларды шешуге әзір екенін атап өтті.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу