Қытайдың Гуанчжоу қаласында шеру өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Гуанчжоу қаласында шеру өтіп жатыр

30.11.2022

Қытайдың Гуанчжоу қаласында көтерілісті басуға арнайы полиция күштері жөнелтілді. Айта кетсек, өткен аптаның соңғы күндері бұл мемлекеттің 20-дан астам қаласында қатаң карантиндік шектеулерге қарсы 43 шеру өтті. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Шанхайда да жұмысшылар локдаунға қарсылық білдіріп жатыр. 

Қытай үкіметі үш жылдан бері ковидке нөл төзімділік саясатын жүргізіп келеді. Коммунистік биліктің мәлімдеуінше, бұл шара халықты коронавирустан қорғауға және денсаулық сақтау жүйесіне салмақ түсірмеу үшін қажет болып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу