Румыния Еуропа одағына төрағалық ете бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Румыния Еуропа одағына төрағалық ете бастады

11.01.2019

Осы оқиғаға арналған салтанатты шараға жергілікті үкімет пен одақ өкілдері қатысты. Румыния бұл аймақтық блокқа жарты жыл президенттік етеді. Осы уақыт ішінде Британия Еуропа одағынан шығып, Еуропарламентке сайлау өтеді. Сонымен қатар, одақта биыл ұзақмерзімдік бюджетті мақұлдау бойынша қатаң келіссөздер өтуі керек.

Еуропа кеңесінің басшысы Дональд Туск Румыния Еуропа одағын күш-жігермен, ақылмен басқарады деген үміт білдірді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу