Жапонияда «Жылдың ең сәтті адамы» титулы үшін жүгіруден жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда «Жылдың ең сәтті адамы» титулы үшін жүгіруден жарыс өтті

10.01.2019

Оған шамамен 5 мыңдай адам қатысты. Жылдағы дәстүр бойынша, жапондықтар храмның негізгі залына дейін 230 метр жүгіруі тиіс. Соңғы мәліметке қарағанда, хиросималық 22 жастағы балықшы ол жерге бірінші болып жеткен.

Бұл дәстүрдің тарихы тереңде жатыр. Сонау XIV ғасырда жергілікті тұрғындар «жыл бойы жолым болады» деген ырыммен ғибадатханаға елден бұрын барып, дұға қылуға тырысқан.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу